Түркістан облысы, Түлкібас ауданында өсірілген
Глютенсіз дұрыс тамақтануға арналған суперфуд
Денсаулығыңыз бен мүсініңізге зиян келтірмейтін, бірақ өте дәмді тағамдар пісіргіңіз келе ме? Кәдімгі бидай ұнынан бас тартып, ас қорытуды жеңілдеткіңіз келе ме? Сорго ұны — ас үйіңіздегі ең пайдалы жаңалық.
Африканың ыстық күнінен нәр алған бұл ежелгі дән бүгінде әлемдегі ең танымал суперфудтардың бірі. Ол бай құрамымен және денсаулыққа тигізер пайдасымен ерекшеленеді.
«Майлыкент Бау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Түлкібас ауданында құрғақшылыққа төзімді әрі жоғары өнімді құмай өсіру агротехнологиясын енгізіп, оны жармаға және ұнға өңдеуді қолға алды.
Неліктен сорго ұнын дәл қазір таңдау керек? Бұл — күнделікті ас мәзіріне оңай енетін, пайдасы көп өнім.
Құрамында желімтік мүлдем жоқ. Целиакиясы бар жандарға, глютенге сезімтал адамдарға және жеңіл сезінгісі келетін әрбір жанға қауіпсіз.
Төмен гликемиялық индексі қандағы қантты күрт көтермейді. Күрделі көмірсулар баяу сіңіп, ұзақ уақыт қуат пен тоқтық сезімін береді.
Өсімдік талшықтарына (клетчаткаға) өте бай. Ас қорыту жүйесін тазартып, ішектің жеңіл жұмыс істеуіне көмектеседі.
Антиоксиданттардың мөлшері бойынша тіпті қаражидектен (черника) асып түседі. Терінің жас әрі жарқырап тұруына көмектеседі.
Энергия беретін В тобының дәрумендеріне, сүйекті қатайтатын фосфор мен магнийге, гемоглобинді көтеретін темірге бай.
Сорго ұнының дәмі жұмсақ, жағымды әрі сәл тәттілеу. Ол дайын тағамға ерекше хош иіс береді. Оны кәдімгі ұн сияқты қолдана аласыз:
Пайдалы кеңес
Глютенсіз қамыр жақсы иілуі үшін сорго ұнына аздап күріш немесе жүгері ұнын қосыңыз — пісірмеңіз үлпілдек болып шығады.
Таза, табиғи әрі ешқандай химиялық қоспасыз сорго ұнына қазір тапсырыс беріп, ас мәзіріңізді жаңа деңгейге көтеріңіз.